spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында жылдың үздік психологы анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Жылдың үздік психологы» облыстық байқауы өтті. Конкурс педагог-психологтардың кәсіптік деңгейін арттыру және шығармашылық әлеуетін толық іске асыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесіндегі практикалық психология қызметінің беделін арттыру мақсатында өткізілді.

Конкурсқа қатысушылар алдын ала іріктеу аудандық турларының қорытындысы бойынша педагогтердің мәлімделген ерекшеліктері өкілдерінің үздіктері. Ең бастысы, жұмыс өтілі мен тәжірибесіне қарамастан, жас маманнан бастап «жан туралы ғылымның» атақты корифейлеріне дейін әрбір қатысушы тиісті санат бойынша қатыса алады: I санат – 3 жылға дейінгі жұмыс өтілі бар; II санат – 3-7 жыл жұмыс өтілі бар; III санат – 7 жылдан астам жұмыс өтілі бар психологтар.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру ұйымдарының 19 педагог-психологы қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша облыстық сырттай конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:
Бас жүлде – Есмагулова Гульдана Муратовна, Бурабай ауданы Щучинск қаласының № 7 мектеп-лицейінің педагог-психологы.

I санатта:
I орын иегері Кабдеш Самат, Ақкөл ауданы Құрылыс ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы атанса,II орын – Курманбаева Замира Мағауқызы, Көкшетау қаласындағы № 12 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологына бұйырды,  III орынды Виситаева Алят Вахаевна, Есіл ауданы Жаңыспай ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы қанжығасына байлады.

II санатта:
I орын- Мынбаева Жанар Тасбулатовна, Жарқайың ауданы Отрадное ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы; II орын – Бапаева Гүлдана Салинджанқызы, Қосшы қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы; III орын- Хожатова Раушан Естаевна, Целиноград ауданы Қоянды ауылындағы № 2 жалпы білім беретін мектептің педагог-психологы алды.

III санатта:
I орын – Муканова Ризвангуль Жумабаевна, Егіндікөл ауданы Көркем ауылының негізгі орта мектебінің педагог-психологы; II орын – Сайбель Татьяна Павловна, Бұланды ауданы Отрадное ауылының жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы; III орын- Тапаева Айнур Кайроллаевна, Жақсы ауданы, Жаңа Кийма ауылы Ғ.Әбдірахманова атындағы жалпы білім беретін мектептің педагог-психологына бұйырған екен.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img