spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
-3.2 C
Kokshetau

Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кандидаттардың штаб басшыларымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Партиялық емес байқау орталығы республикалық штабының төрағасы президенттікке кандидаттар Жигули Дайрабаев, Мейрам Қажыкен, Қарақат Әбден, Салтанат Тұрсынбекова, Нұрлан Әуесбаевтың республикалық штабының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы «AqmolaNews» Партиялық емес байқау орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Төлеген Күнәділов Партиялық емес байқау орталығының қызметімен таныстырып, алдағы сайлаудағы міндеттері туралы айтты. Штаб басшысы байқаушыларды даярлау процесіне, сондай-ақ оларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

«Сайлау – маңызды оқиға және біз азаматтық қоғам өкілдері ретінде әділ дауыс беру үшін үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, заңның сақталуын, сайлаудың адалдығы мен ашықтығын қадағалайтын боламыз», – деп атап өтті ол.

Штаб өкілдері дауыс беру барысында заңдылық пен әділеттіліктің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың бастамасына қолдау білдірді және байқаушыларды оқыту мәселелері бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құтқарушылар ұсынымдары: халықтың автожолдардағы қар құрсауы кезіндегі іс-қимылдары

Қысқы кезеңде елді мекендер арасындағы автомобиль жолдарына шықпастан бұрын алдағы қозғалыс бағдары бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика