spot_img
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
20.2 C
Kokshetau

Президент сайлауы: 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан азаматтары ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына шетелде қатыса алады. Бұл туралы «AqmolaNews» СІМ сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 53 шет мемлекетте 68 сайлау учаскесі құрылды. Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады. ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2022 жылғы 20 қараша, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Сонымен бірге шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика