spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
17.2 C
Kokshetau

Ауыз судың сапасы сын көтермейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы ауыз су мәселесі талартарға сай келмей тұр. Микроб көрсеткіштеріне тапсырылған 500-ге жуық сынаманың нәтижесі көңіл көншітпейді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге арналған ылғал сынамаларының 10% – дан астамы да талаптарға сәйкес келмейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
Ақмола облысының бас санитар-дәрігері Айнагүл Мусина айтып өткендей, ауыз суға қойылатын негізгі талаптар: эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпсіз, уытты көрсеткіштер бойынша зиянсыз, жақсы органолептикалық көрсеткіштер және шаруашылық қажеттіліктер үшін жарамды болуы тиіс. Осылайша, санитарлық қызмет департаменті өңірдегі ауыз су сапасына мониторинг жүргізді.
«Микробиологиялық көрсеткіштерге 2785 сынама зерттелді, оның ішінде 499 сынама нормаға сәйкес келмейді. Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 2769 су сынамасы зерттелді, оның талапқа сай емес. Орталықтандырылған сумен жабдықтаудың 273 объектісінде ауыз судың сапасын ведомстволық бақылау жүзеге асырылады, оның ішінде 3 өндірістік зертхананың күшімен 28 су құбыры қамтылды. Өндірістік бақылау шеңберінде жыл басынан бастап микробиологиялық көрсеткіштерге 3383 су сынамасы зерттелді, оның ішінде 75 сынама сәйкес келмейді. Бүгіне ауыз суды тазарту машиналары мол сұранысқа ие. Мониторинг жүргізу кезінде санитарлық-химиялық көрсеткіштерге 232 сынама алынды, оның ішінде сәйкес келмейтіндері анықталған жоқ», – деді облыстың бас санитары.
Спикер коронавирус инфекциямен сырқаттану мәселесін детілге тиек етті. Жалпы, эпидахуал бойынша жағдай тұрақты. COVID-19 ауруының өсуі 15 маусымнан бастап байқалды өткен аптада 04-11 қазан аралығында 44 жағдай тіркелді, ал 12-18 қазан аралығында 30 жағдай тіркелді, 1,4 есе төмендеу байқалды. Күн сайын тіркелетін аурулардың жаңа жағдайларының саны бойынша біздің облыс 3 орында тұр. Айнагүл Мусинаның айтуынша, уақтылы вакцинация мен ревакцинация алмау вирус таралуының басты себебі. Мәселен, қазан айында 92 ауырған адамның 39-ы вакцинацияланбаған, 32-сі уақтылы ревакцинация алмаған, 71-сінің иммун иммунитеті төмен болған.

 

Камила Әбделманова

Фото: egemen.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика