spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
13.8 C
Kokshetau

Отандық ғалымдардың жалақысы 70%-ға көтерілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Отандық ғалымдардың жалақысы 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін өсті. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты болмады және конкурстардың нәтижелеріне байланысты еді. Енді олар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алатын болады.

Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1 200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70%-ке, яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми-зерттеу институттың кадрлық және ғылыми әлеуетін, отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.

«Министрлік зерттеуші ғалымдарға қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Ведомство ғалым мамандығының қаржылық тұрғыдан тартымды болуы және маңызды ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен жүзеге асырылуына кепілдік беру үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында іргелі ғылым мен зерттеу институттарын базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі шешілді. Ғылым туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді», – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Айта кетсек, қазіргі уақытта министрлік 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға, оның ішінде жас ғалымдарға арналған конкурстар жариялады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика