spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
24.2 C
Kokshetau

Республика күніне орай білім беру саласында ауқымды іс-шаралар легі жалғасып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Балалар жылына орай 1600-ден астам ірі іс-шара ұйымдастырылды. Бұған 5 мыңға жуық бүлдіршіндер атсалысты. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен балалар жылы бойынша өңірлік штаб жұмысын жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте толығырақ айтылды.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенованың айтуынша, балалар жылы жеті бағытта жүргізіліп келеді. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайтуға, инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бүлдіршіндердің сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ететін, жақсы білім алуына мүмкіндік беретін ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.

«Облыста ерекше білім беру қажеттілігі бар 10 мыңға жуық бала бар. Осы санаттағы балаларды қолдау мақсатында 28 арнайы білім беру ұйымы жұмыс жүргізуде. Биылғы жылы облыста жаңа жоба ашу жоспарланған. 21 маусымда Жақсы ауданының Қыйма ОМ базасында инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан 15 мыңнан астам мектеп оқушыларын әлеуметтік қолдау үшін тегін мектеп формасымен қамтамасыз етуге 692 миллион теңге бөлінді. Бүгінгі күні 1-сыныптың барлық оқушылары және халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 15 мыңнан астам бала тегін ыстық тамақпен қамтылды», – дейді Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары, Ботагөз Дюсенова.

Ботагөз Дүйсенованың сөзіне сенсек,  Балалар жылы аясында білім беру саласында  көптеген оң өзгерістер орын алды. Биыл облыс әкімі Ермек Маржықпаев әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балаларына жазғы демалыска 1 мың жолдама табыс етті. Балаларды қорғау күніне орай облыста аудан және қала әкімдерінің қатысуымен мерекелік іс-шаралар өтті, онда 75 мың бала қамтылды. Іс-шараларда аз қамтылған, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына жалпы сомасы 3 миллион теңгеге жуық сыйлықтар берілді. 270 «Алтын белгі» иегерлері облыс орталығына шақырылып, «Болашак сарайы» оқушылар сарайында әр бір үздік жас түлекке 100 мың теңге көлемiнде сертификат тапсырылды. Лизинг шарты мен облыс мектептеріне оқушыларды тасымалдау қамтамасыз ету мақсатында биыл 366 миллион тенгеге  65 жайлы автобус  сатып алынады. Бұл шараға 207 елді мекеннен 3,5 мыңннан астам баланы тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика