spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
9.7 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушылар жыл басынан бері 200-ден астам адамды құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

19 қазан – құтқарушылар күні. Атаулы мереке аясында Төтенше жағдайлар бойынша кәсіби қызметтердің құрылғанына 27 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында 2022 жылдың басынан бастап өрт сөндірушілер мен құтқарушылар 216 адамды, оның ішінде – 35 баланы, өрт кезінде – 22, авариялық-құтқару жұмыстары кезінде – 153 адамды, оның ішінде 30 баланы құтқарғаны белгілі болды. Су айдындарында 41 адам құтқарылды, оның ішінде 5 бала.
Ақмола облысы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, құтқарушылардың, өрт сөндірушілердің әр минуты құтқарылған адамдардың санымен, алдын алған қайғылы оқиғалардың санымен өлшенеді. «Біздің қызметіміз біртұтас механизм ретінде жұмыс істейді. Сондықтан құтқарушылар ведомство алдында тұрған барлық міндеттерді шеше алады. Кәсіпқойлық, жауапкершілік және батылдық – құтқарушылардың қасиеттері. Құтқарушылар қиын жағдайда көмекке келіп, өз міндеттерін кәсіби түрде орындайды», – деп атап өтті облыстың бас құтқарушысы.


ТЖД қызметкерлері мен ТЖ органдарының ардагерлері «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен, «Құтқарушы» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы ТЖМ грамотасымен, Қазақстан Республикасы ТЖМ алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, құтқарушылар күнін мерекелеу аясында Департамент балалар арасында «Мен болашақ құтқарушымын» тақырыбында суреттер конкурсын өткізген болатын. Конкурстық нәтижесі бойынша 4 жастан 7 жасқа дейінгі жас санаттары бойынша – І орынды – Әбдірахманов Надир; ІІ орынды – Малюк Богдан; ІІІ орынды – Жамбаева Самира иеленсе, 8 жастан 10 жасқа дейінгі аралықта: І орынды – Дарья Нұрлан; ІІ орынды – Шатковский Артем; ІІІ орынды – Серік Айлин, 11 жастан 15 жасқа дейінгі аралықта: I орынды – Ангелина Берман; ІІ орынды – Мигунов Максим; ІІІ орынды – Шатковская Алина жеңіп алды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика