spot_img
Жексенбі, Сәуір 20, 2025
7.1 C
Kokshetau

Ақмола жастары мемлекеттік тілді құрметтейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Республика күніне орай Көкшетау қаласында «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» жастар форумы өтті. Жас буын өкілдері мемлекеттік тілді оқыту және насихаттау мәселелерін талқыға салды. Сондай-ақ, басқа этностардың 20-ға жуық өкілі қазақ тілінің мәртебесін нығайтудағы жетістіктері үшін марапатталды.

Салтанатты шарада Республика күніне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Форумға белсенділер, жас мамандар, студенттер қауымы жиналды. Олардың барлығы мемлекеттік тілді жетік меңгерген және өз ортасында насихаттап, оны құрметтеуге шақырып жүрген патриот жандар. Форумның алғы сөзін облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова бастап,  еліміздің бірлігі мен қоғамдық дамуын нығайтудағы Қазақ тілінің айрықша маңызы мен рөлін атап өтті.

«Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік тіл-тәуелсіздігіміздің тірегі. Біз жастарымыздың тілді зерттеп, дамыту жолында қандай жетістіктерге жетіп жатқанын көреміз. Басқа этностардың көптеген өкілдері қазақ тілін жақсы біледі, олардың көпшілігі осы форумға қатысып отыр», – деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Форумда мемлекеттік тілдің мәртебесі мен таралуы туралы жас буын өкілдері сөз етті. Олар назарын тек қазақ тілін біліп қана қоймай, оны басқаларға үйретіп, ынталандыруға, достары мен құрдастарының арасында кеңінен тарату қажеттігіне назар аударады. 4-інші Көкшетау жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің студенті Илья Кузьмин кей адамдардың жылдар бойы мемлекеттік тілді меңгере алмай жүргенін атап өтті. Оның ойынша, жастар қазақ тілінің мәртебесін түсініп, жаңа көзқараспен қарай білуі тиіс. Көпшілікті Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Виолетта Филиппенконың қазақ тілін жетік меңгеріп, ойын еркін жеткізе алуы таңғалдырды.

«Бала кезімнен қазақ сыныбында оқыдым. Қиындықтарға қарамастан тілді оқуды жалғастырдым. Қазақ тілін ана тілім ретінде қабылдаймын. Менен адамдар ұлтым туралы сұрағанда, рухым «Қазақ» деп мақтанышпен жауап беремін. Бұл жай айтыла салған сөздер емес, менің шын жүрегімнен айтқаным. Мен осынау ұлы халықтың тілін білетініме және түсінетініме қуанамын. Барлық жерде насихаттап, қатарластарыма дәріптеп жүруге тырысамын. Қазақ бола тұра ана тілін білмейтіндерге таңқаламын »- дейді рухы қазақ  Виолетта Филиппенко.

Басқа этнос жастарының өкілдері мемлекеттік тілді насихаттап, дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды. Олардың арасында Есіл ауданы Игілік негізгі мектебінің педагог-психологы Радмила Бигужанова да бар. Форумға ол қазақ тілін жетік меңгерген ағасы Егор Тихоновпен бірге келді. Радмила бала кезінен мемлекеттік тілді біледі, мектепті және жоғарғы оқу орнын мемлекеттік тілде тәмамдаған. Қазір білімін шәкірттерімен бөлісіп жүр.

«Бұндай форумға қатысу мен үшін бақыт. Бізді басқаларға үлгі еткені үлкен мәртебе. Барлығымызға бірдей  қазақ тілін үйрену аса маңызды, себебі ол елді біріктіретін тіл. Тіл-бейбітшілік пен келісімнің діңгегі, жарқын болашағымыздың кепілі», – дейді Радмила Бигужанова.

Іс-шара жас әртістер ұсынған жарқын шығармашылық нөмірлері бар концерттік бағдарламамен аяқталды. Жалпы, форум жылы және тату атмосферада өтті, өйткені барлығын бір маңызды сезім – қазақ тіліне деген сүйіспеншілік пен патриотизм біріктірді.

 

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика