spot_img
Дүйсенбі, Қараша 25, 2024
-8.6 C
Kokshetau

Республика күніне орай жаңа концерттік маусым ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қырғыз Республикасының  халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,  халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «ДАҢҚ» орденінің кавалері, профессор Бақтыбек Тилегенов пен солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Шарипбек уулу Расулбекті шақыруымен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында 18 қазан күні өтті.

Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Республика күніне орай 76-концерттік маусымның ашылуы аясында 18 қазан күні К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Жанат Рашит.

Кешке арнайы шақырылған қонақтар – Қырғыз Республикасының  халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,  халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, «ДАҢҚ» орденінің кавалері, профессор Бақтыбек Тилегенов және солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Шарипбек уулу Расулбек.

 «Қазақ-қырғыз бір туған» дегендей түп-тамыры бір, діндес, тіндес етене жақын екі елдің туысқандығы мен достығы ғасырлар бойы жалғасып келеді. Тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрі ұқсас елдің өнері мен музыкасы да астасып жатыр. Бүгінгі кеште көрермендер достығы жарасқан екі елдің тың шығармашылығымен таныса алады»,-дейді шара ұйымдастырушылары.

Күмбірлеген қазақтың қара домбырасымен жарыса төгілген қырғыздың ұлттық аспабы – комузды да тыңдауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар Әбілсерік Камашев (домбыра) пен Шарипбек уулу Расулбектің (комуз) орындауында күй тартысты тамашалай алады.

Қырғызстанның танымал дирижері Бақтыбек Тилегеновтың жетекшілігімен К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі А.Айталиевтың «Нарындан жазган салам кат», «Жылкычылар», А.Жумакматовтың «Ак-куу» т.б. да қырғыз халқының төл туындыларын орындайды.

«Бүгінгі өнер кқрсеткен әртістер бізге ерекше ұнап, таң қалдырды. Қазақ және Қырғыз күйлерінің осындай рухани және жарқын орындалуы. Қырғыз әртістерінің репертуарындағы қойылымдар мен нөмірлерді тыңдау өзімізге де қызық болды. Жалпы, рухани бай концерт қызықты және тамаша нөмірлермен өтті», – деп көрермендер өз әсерлері бөлісті.

Оркестр дирижер Жанат Рашиттың жетекшілігімен К.Күмісбековтің «Еңбек салтанаты», «Сары өзен саздары», Ереулі атқа ер салмай», Құрмағазының «Сарыарқа», «Балбырауын» және т.б. да тамаша туындыларды көрермендеріне тарту етеді. Жезтаңдай әншілер Аякөз Қалмағанбетова мен Жанар Сақтағанова да өз өнерлерін ортаға салады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img