spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
11.3 C
Kokshetau

Көкшетауда Республика күні қарсаңында бірегей жәдігерлер көрмесі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Өркениетттің күннен күнге дамыған шағында кез келген ұлт пен ұлыстың болмысын тануға деген қызығушылық оның тарихы арқылы туындайды. Мыңдаған жылдардан сыр шертетін тарихы бар және соның куәсі болатын, ғасырлар бойы сақталып келген тарихи жәдігерге бай елге қызықпау мүмкін емес. Ал, сол тарихты өскелең ұрпаққа насихаттап, бойларындағы ұлттық сананы ояту біздің бүгінгі парызымыз.

Ақмола облысы да құнды археологиялық жәдігерлерге бай мекен. «Республика күні» ұлттық мерекесі қарсаңында «Ұлы Дала жауһарлары» атты көрме өтті. Шара шымылдығын Ақмола облысы мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапаттау рәсімі ашты. Марапатталғандардың бірі Абай Мырзахметов атындағы  Көкшетау унивеситетінің оқытушысы Дінмұхамед Қанатбекұлы. Оның айтуынша жыл сайын студенттермен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу еліміздің бай тарихы мен ұлттық құндылықтарын дәріптеудің таптырмас жолы.

«Бұл мадақтамаға мені лайық көру себебі, жаз айларында археологияық қазба жұмыстарына студенттеріммен белсенді түрде қатыстық.Бұл үрдіс жыл сайын қайталанады. Биылғы қазба жұмыстарында қола дәуіріне тән құнды жәдігерлер көп табылды. Біз Зеренді ауданына қарасты Кеңөткел елді-мекенінде зерттеу жүргіздік. Сол жердегі 3 қорғаннан табылған жәдігерлер осы көрмеде көрсетіліп жатыр»,-деп толықтырды Дінмұхамед Кенжебек.

Көрмеде өлкеміздің тарихи-мәдени мұрасы туралы материалдар мен археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлер қойылды. Олардың қатарында  2022 жылы Зеренді, Бурабай аудандарында өткен археологиялық экпедиция барысында табылған қола, ерте темір дәуіріне жататын еңбек құралдары, ат әбзелдері, әшекей бұйымдар, қару жарақтар мен қыш ыдыстар да бар.

«Ғасырлар бойы жер қойнауында жатқан тарихымыз бүгінде зерттеліп, жария болып, бүкіл әлемдегі ғылыми айналымға түсіп жатыр. Мұражайға дейінгі жәдігерлердің қорғау орталықтары жұмыс істейді. Барлық тарихи маңызы бар қорғандар мен обьектілер мемлекет қорғауына алынды. Бүгінгі көрмеде көрсетілетін заттардың барлығы көзге жұпыны көрінгенімен әрқайсының тарихы тереңде жатыр. Бұл-біздің байлығымыз, құндылығымыз! Туған елдің, туған жердің тарихын біліп, өзгелерге айтып үйретіп жүру қажетпіз. Бабаларымыз қалдырған аманатқа адал болайық»,- деді Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Рахымбекұлы.

Өңірде 45 киелі объект бар: оның ішінде 10 жалпыұлттық және 35 аймақтық маңызы бар киелі объект. Іс-шараға Көкшетаулық студенттер қатысып, құнды жәдігерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Жастарға арналған осындай мәдени шаралар легі жалғаса бермек.

 

 

Камила Әбделманова

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика