spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
16.5 C
Kokshetau

Заңгер Әлтаевты президенттікке ұсыну хаттамасының жарамсыз деп танылуына пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Заң ғылымдарының докторы, профессор Индира Әубәкірова соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

РЕКЛАМА

«Өте әділ шешім. Дәлел базасы еш күмән келтірмейді. Олар Әлтаев ұсынылды делінген «Мұқалмас» РҚБ отырысының видеосын ұсынған болатын. Іс жүзінде, бұл жайт жазбада жазылған. Басым көпшілігі Әлтаевтың ұсынылуына қарсы шыққан», – деді Индира Әубәкірова ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.

Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика