spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-8.1 C
Kokshetau

Құқық қорғаушы Әлтаев туралы: Сот дұрыс шешім қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Соттың «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұржан Әлтаевті президенттікке кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тануы дұрыс. Мұндай пікірді «Әділ сайлау үшін» штабының мүшесі, заңгер Ермек Әбдірасылов білдірді, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Меніңше, сот дұрыс шешім қабылдады. Онда (сотта) қажетті барлық материал бар. Қоғамдық бірлестіктердің жиналысы қалай өтуі тиістігі, қанша адам қатысу керектігі, филал өкілдіктерінің қандай пайызы сол жиналысқа қатысуы қажеттігі жазылған жарғы бар. Мендегі ақпаратқа сәйкес, филиалдар ұсынған өкілдердің саны толық қатысқан жоқ. Ал жиналысқа кемінде 40 адам қатысуы тиіс еді. Бейнежазбадан не бәрі 17 адам қатысқаны анықталды. 11-і қарсы шығып, алтауы Әлтаевтың кандидатурасын ұсынуды жақтап дауыс берді. Демек, сот шешімімен заңнама талабы орындалып отыр», – деді заңгер.

Сонымен қатар ол қоғамдық бірлестіктер жарғыға сәйкес жиналыс өткізуі керектігін баса айтты.

«Егер олар айтқан фактілерге сай келмейтін мәліметтер ұсынатын болса, онда сот басқа қандай шешім шығаруы керек?! Меніңше, хаттама шындыққа сай келмейтіні анық. Сот заңды шешім қабылдады деп санаймын», – деді Ермек Әбдірасылов.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы 7 қазан күні президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатқанын мәлім еткен еді.

Ал 12 қазанда «Мұқалмас» бірлестігі Нұржан Әлтаевтың сайлауға түсуіне қарсылық білдіріп сотқа жүгінгені хабарланды.

Бүгін Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img