Республика күні қарсаңында Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына конкурс өткізді.
2022 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша «Кызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»:
Төлегенова Айгүл Қоспекқызы – Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсету орталығы-салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы. Мемлекеттік кірістер органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Функционалдық міндеттерге мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде салық заңнамасын түсіндіру жұмыстары кіреді. Айгүл Коспекқызы өзін сауатты маман, жауапты, мақсатты, адал қызметкер ретінде көрсетті. Басшылықтың тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындайды. Ұжымда әріптестер арасында беделге ие.
Нұрлан Ысқақов Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті