spot_img
Дүйсенбі, Қараша 25, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында онлайн сатушыларға алданғандар көбейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында тауарлар мен онлайн қызметтердің сапасына тұтынушылар шағымы 23% – ға өскен. Жыл басынан бері 681 өтініш тіркелді. Танымал «Wildberries» интернет-дүкеніне шағымдану 4 есеге дейін көбейген. Интернет-сатып алу мен электронды сауданың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Тұтынушылардың құқығын қорғау Департаментінің басшысы атап өткендей, электронды сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, ТКШ қызметтері мен қоғамдық тамақтану салаларында шағымданушылар саны күрт көбейген. 680-нен астам өтініштің 447-сі қаралып, тұтынушыларға 21 миллион теңгеден астам қаржы қайтарылды. 111 ақмолалық сапасыз тауарды айырбастау мүмкіндігіне ие болды. Интернет-дүкендерге де шағымданушылар саны азаймай тұр.

«Соңғы уақытта wildberries интернет-дүкеніне тұтынушылардың жүздеген өтініштері келіп жатыр. Олардың дені: сапасыз өнім,тауардың уақтылы жеткізілмеуі, қолма-қол ақшаны ұзақ уақыт қайтармау сынды мәселелер. 2022 жылдың басынан бері Департаментке wildberries интернет-дүкенімен ақшалай қаражатты қайтармау мәселесі бойынша 44 тұтынушы жүгінді, 2021 жылы 9 өтінішке қарсы жалпы сомасы 1 миллион 264 мың теңге, оның ішінде 41 тұтынушыға ақшалай қаражат қайтарылған еді»,-деп мәлімдеді Светлана Занегина.

Спикер интернет-дүкендердің артықшылықтары мен кемшіліктеріне жеке тоқталды. Онлайн-маркетингтің ауыз толтырып айтар артықшылықтары да бар. Уақыт үнемдеу, бағаны бақылау және салыстыру мүмкіндігі сияқты жағымды тұстары үшін онлайн-дүкендер көпшілік көңілінен орын таба алды. Көп жағдайда интернет-дүкендерде тауар құны әдеттегі дүкенге қарағанда әлдеқайда арзан, көбінесе тиімді акциялар өткізіліп, жеңілдіктер беріледі.

«Онлайн-сатып алудың кемшіліктері, бұл алданып қалу ықтималдығы жоғары. Жалған сайт, жоқ тауардың суреттері, қате көрсетілген мекен-жайлар және тағы да басқалары. Бұндай жағдайда тұтынушыға сатушының қашықтықта болуына байланысты ақшаны қайтаруға немесе тауарды айырбастауға қол жеткізу өте қиын. Немесе тұтынушылар алаяқтарға жиі алданатын әлеуметтік медианы мысалға алайық:  алаяқтар нарықтық бағадан төмен бағамен, сондай-ақ 100% қолма-қол ақшасыз алдын ала төлеу жасауды сұрап, ойдан шығарылған, жалған өнімдер арқылы ақша табады. Тапсырыс төленгеннен кейін тауар тұтынушыға жетпейді, ал әлеуметтік желідегі аккаунттың өзі жоғалады. Бұндай кәсіпкерді табу тек тұтынушыға ғана емес, мемлекеттік органға да мүмкін емес». ,- деп түсіндірді облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің басшысы Светлана Занегина.

Спикердің айтуынша, қолданыстағы заңнамада интернет дүкендері мен оның барлық қыр-сырын қамтитын бір ғана бап көзделген. Сондықтан онлайн сатушылар қолданыстағы заңнаманың олқылықтарын пайдаланып, тұтынушылар құқығын бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Қазіргі уақытта тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ электронды сауданы жүзеге асыру кезінде құқық қолдану практикасын реттеу мәселесі қаралады. Өзгерістер енгізу тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында жіберілген олқылықтар үшін электрондық сауда алаңының кәсіпкерлерін әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

Онлайн сатып алу кезінде қиындықтардан қалай құтылуға болады? Сатып алмас бұрын интернет – дүкеннің, веб-сайттың рейтингін және тұтынушылар берген бағасын зерттеу, күмән туындаған жағдайда тапсырысты болдырмау немесе төлемді кейінге қалдыру қажет.

Сұрақ туындаған жағдайда департаменттің « жедел желі» – 8 (7162) 505122 байланыс номері бойынша қоңырау шалуға болады.

 

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img