spot_img
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
-1.8 C
Kokshetau

Полиция қызметкері қаза тапқан жол апатына қатысты мәлімет берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін түнде полиция қызметкері қаза тапқан жол апатына қатысты мәлімет берілді, деп хабарлайды «AqmolaNews» Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жол-көлік апаты 17 қазан күні сағат 02.00 шамасында Ақмола облысының Ақкөл қаласында болғанын хабарлаймыз. Салдарынан Ақкөл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі қаза тапты.

Алғашқы ақпарат бойынша, «Toyota Carina« маркалы автокөліктің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, «Seat Alhambra« маркалы автокөлікпен соқтығысқан.

Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмып, шетелдік көліктің екі жолаушысы және екінші көліктің екі жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. «Seat Alhambra« маркалы автокөліктің жүргізушісі зардап шеккен жоқ», – делінген полиция мәліметінде.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Жол-көлік апаты қызметтен тыс уақытта, полиция қызметкерінің жеке автокөлігімен болғанын мәлім етеміз», – делінген хабарламада

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық таңдауы – 15 наурыз»: Көкшетауда алдағы референдумды қолдауға арналған мерекелік концерт өтті

Көкшетаудағы сауда ойын-сауық орталығының алаңы  әуезді ән мен әсерлі биге ұласып, мерекелік көңіл күйге бөленді. Облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика