spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Әлтаевті президенттікке кандидат ретінде ұсыну хаттамасын сот жарамсыз деп таныды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана соты «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігі отырысының Нұржан Әлтаевті президенттік кандидат етіп ұсыну туралы хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырды. Бұл туралы Астана қалалық сотының ресми сайты жазды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

«Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының соты республикалық қоғамдық бірлестіктің (РҚБ) жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Талапкерлер өз талаптарын 2022 жылғы 6 қазандағы РҚБ жиналысының қорытындысы бойынша Ә. және оған жақын адамдар РҚБ-ның басқа мүшелерінің көмегімен бірлестік мүшелерінің дауыс беруінің бейнежазбасын негіздемеге қоса бере отырып, ҚР Орталық сайлау комиссиясына тіркеуге өз еркімен Ә.-нің кандидатурасын беруге ниеттеніп, дауыс беру қорытындысы мен хаттаманы бұрмалап жібергеніне негіздеді.

Жауапкер талаппен келіспеді және талапкердің дәлелдеріне қарамастан, РҚБ мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен көпшілік дауыспен Ә.-ні РҚБ атынан ұсыну туралы шешім қабылданды деп өз ұстанымын талап етті», – деп жазылған ресми мәліметте.

Ресми сайттағы мәліметке қарағанда, республикалық қоғамдық бірлестік атынан президенттікке кандидат ұсыну кезінде бірлестіктің Жарғысына қайшы әрекеттер жасалған.

«Жарғының 33-тармағына сәйкес барлық шешімдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады.

Жарғының 31-тармағында, егер оның жұмысына бірлестіктің өңірлік филиалдарының (өкілдіктерінің) жартысынан астамының өкілдері қатысса және жиналысқа қатысушылардың жалпы саны кемінде 40 адамды құраса, жалпы жиналыс заңды деп танылады.

Сотта жалпы жиналыста Ә-нің кандидатурасын ұсынуға – 6 адам, қарсы – 11 адам дауыс бергені анықталды.

Осылайша, жалпы жиналысты өткізу кезінде РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауында РҚБ атынан кандидат ретінде Ә-нің ұсынылуына «қарсы» дауыс берді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img