spot_img
Жексенбі, Тамыз 24, 2025
21.2 C
Kokshetau

Президент сайлауының барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Биылғы 22 қыркүйекте ОСК 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс ҚР президенті сайлауына халықаралық байқау институтын ашқан болатын. ҚР-дағы сайлау туралы Конституциялық заңның 20-бабына сәйкес, шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді ОСК Сыртқы істер министрлігінің ұсынысы бойынша жүзеге асырады. СІМ сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерге тиісті шақырулар жіберді. Сонымен қатар екіжақты негізде ҚР ОСК атынан 28 шет мемлекеттің орталық сайлау органдарына шақыру жіберілді. Бүгінгі таңда ОСК-ге Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 1 шет мемлекеттен 43 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», – деді отырыс барысында ҚР ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Оның нақтылауынша,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан – 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр.

Осыған орай аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулысының жобасы әзірленген.

Комиссия мүшелері осы қаулыны бекіту туралы шешім қабылдады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика