spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-31.1 C
Kokshetau

Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Игорь Роговты қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметі жөнінде есеп берілді.

Мемлекет басшысы Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Игорь Роговты қабылдады, деп хабарлайды «AqmolaNews» Ақордаға сілтеме жасап.

Игорь Рогов Мемлекет басшысына Комиссияның отырыстарында адам құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметі, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнайы органдардың қызметінде азаптау фактілерінің алдын алу мәселесі қаралғанын айтты.

Президент адам құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Конституциясына сәйкес, адам өмірі – ең жоғары құндылық.

Мемлекет басшысына Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының жұмысы жөнінде мәлімет берілді. Игорь Рогов – Қазақстанның атынан осы комиссияның мүшесі және Омбудсмен институты жөніндегі шағын комиссияның президенті. Президенттің айтуынша, жуырда конституциялық түзетулерді пысықтау барысында Венеция комиссиясының Омбудсмен мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныстары ескерілді. Бұл адам құқықтарын сақтау саласына бақылауды күшейтеді және мемлекетті халықтың сұранысына жедел жауап беруге ықпал етеді.

Игорь Рогов Венеция комиссиясы елімізде жүргізіліп жатқан құқықтық және саяси реформаларға оң баға бергенін айтты.

Қазан айында Венеция комиссиясы, Парламент Мәжілісі мен Әділет министрлігі «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасын талқылауды жоспарлап отыр.

 

Фото: akorda.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика