spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-27.8 C
Kokshetau

Қандай жағдайда сайлау жарнасы кандидаттарға кері қайтарылады

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина сайлау жарнасы кандидатқа қандай жағдайда қайтарылатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңында қандай жағдайда сайлау жарнасы қайтарылатыны көрсетілген. Біріншіден, егер кандидат жеңіске жетсе оның жарнасы қайтарылады. Екінші жағдай – үміткер сайлаушылардың 5 пайыздан кем емес дауысын жинауы тиіс. Сонымен қатар, кандидат қайтыс болған жағдайда сайлау жарнасы оның отбасына қайтарылады», – деп түсіндірді Сабила Мұстафина.

Спикердің айтуынша, аталған талаптан басқа жағдайларда кандидаттың сайлау жарнасы мемлекеттік қазынада қалады.

Бүгінгі таңда сайлау жарнасының мөлшері – 3 миллион теңге.

Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы соңғы болып құжат тапсырған үміткерлердің бірі Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы барлық талаптарға сай екенін мәлімдеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі

Учаскелік инспектор әрдайым қасыңызда: Көкшетауда құқық бұзушылықтың алдын алу қалай жүргізіледі Көкшетау қаласында учаскелік полиция инспекторлары құқық бұзушылықтардың алдын алу...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика