spot_img
Жексенбі, Мамыр 11, 2025
14.2 C
Kokshetau

Республика күніне орай «Би тәңірі – Шара» облыстық хореографиялық байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының «Достар» мәдениет үйінде биші, ұстаз, қазақ КСР халық әртісі Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына арналған «Би тәңірі – Шара» атты облыстық хореографиялық байқауы өтті.
Облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен өткен өнер додасына Ақмола облысының Бұланды, Аршалы, Атбасар, Шортанды, Целиноград, Зеренді аудандарынан және Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан 16-30 жас аралығындағы бишілер қатысты.


Байқаудың әділ бағасын беру үшін қазылар алқасының құрамына Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Гәкку» би ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет саласының үздігі» белгісінің иегері, қазылар алқасының төрайымы Гүлмира Ордабаева, Ақан сері атындағы Жоғары мәдениет колледжінің хореограф-педагогтері Елена Буторина және Алтын Гайсина енді.
Байқау қорытындысы бойынша Ақнұр Хәкім (Степногорск қаласы) Бас жүлде иегері атанды. Төкежанова Әсел, Мукушкина Амира (Көкшетау қаласы) І орынға ие болса, Шабенова Сара (Аршалы ауданы) ІІ орынды, Ерболат Ләйлә, Әлімбаева Даяна (Қосшы қаласы) ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Гала-концерт соңында облыстың хореографиялық ұжымдарының жетекшілеріне Гүлмира Ордабаеваның «Қазақ халық биінің би элементтерін оқыту» шеберлік сыныбында өзінің кәсіби шеберлігін арттыруға, пікір алмасуға, практикалық ұсыныстар алуға мүмкіндік берілді.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Ауыл Аманаты»: Ақмола облысында ауыл тұрғындары өз бизнесін ашуға мүмкіндік алуда

Ақмола облысында 2023 жылы басталған «Ауыл Аманаты» бағдарламасы табысты жалғасуда. Бағдарламаның басты мақсаты - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика