spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
13.4 C
Kokshetau

Бір жылда шылым шегетін жастар саны артты – ұлттық статистика

Сондай-ақ...оқыңыз

Бір жылда жастар арасында шылым шегетіндер артты. Бұл туралы Ұлттық сатистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Ересек халықтың темекі тұтынуына қатысты жүргізілген зерттеуге сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 20,4% темекі тартады (темекі тартпайтындар – 79,6%), ер адамдардың 38,4%, (темекі тартпайтындар – 61,6%), әйелдердің 8,4% темекі өнімдерін тұтынады (темекі тартпайтындар – 91,6%).

Респонденттердің 16,6% күн сайын шылым шексе, 3,8% – анда-санда.

Темекі түтінінен өз үйінде зардап шегіп жүрген тұрғындар үлесі – 12,8%, жұмыста – 8,1%, қоғамдық тамақтану орындарында – 10,5%, олардың басым көпшілігі (93% астамы) шылым шекпейтін адамдар.

Тұрғындары темекі өнімдерін ең көп тұтынатын өңірлер: Қарағанды (25,4%), Павлодар және Жамбыл облыстары (24,6%).

Сауалнамаға қатысқандардың 85,5% аталған жаман әдет ауыр сырқаттар тудырады деп санайды. Қоғамдық орындарда темекі тартуға тыйым салу туралы заңнаманы қолдайтындар – 67,7%.

2022 жылы былтырмен салыстырғанда 18-28, сондай-ақ 60 (63) және одан жоғары жас топтарындағы азаматтар арасында шылым шегетіндер артқан. Қалған жас топтарында азайған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика