spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 30, 2025
9.4 C
Kokshetau

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен кездесті деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.

ҚХР Төрағасының орынбасары Ван Цишаньмен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қытайдың АӨСШК саммитіне осындай жоғары деңгейде қатысуы біздің орасан зор континентте бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы өзара сенімге негізделген серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесті толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Қазақстанның бастамасын қолдағаны үшін Қытай тарапына ризашылығын білдірді.

Кездесуде Төраға Си Цзиньпиннің өткен айда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Өз кезегінде Ван Цишань Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сәлемін жеткізді және Қытай мен Қазақстанның сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, өнеркәсіп кооперациясы мен цифрландыру бағытындағы екіжақты қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Ван Цишань екі ел арасындағы қарым-қатынас мәңгілік достық пен өзара сенім рухында дамып келе жатқанын айтты. Қытай делегациясы басшысының айтуынша, Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар сәтті жүзеге асып келеді.

Сонымен қатар олар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Фото: t.me/bort_01

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

39 медаль: Душанбеде өткен сайыста жас шахматшылар топ жарды

Душанбеде өткен Батыс Азия чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 39 медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика