spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.4 C
Kokshetau

«Сандықтау өңірі – қуғын-сүргін жылдарында» атты ғылыми-танымдық конференциясы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Республика Күні қарсанында Сандықтау  ауданында «Сандықтау өңірі- қуғын-сүргін жылдарында» атты аймақтық ғылыми-танымдық конференциясы өтті. Бұған дейін аудандық мұрағатта қуғын-сүргін құнды деректер анықталған болатын, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі.

Тағылымы мол шараны, конференцияны Сандықтау аудандық мәслихат хатшысы Қадырова Гүлнар Ерғалиқызы ашты. Аудандық архив директора Галина Виноградова конференция қатысушыларын тағылымы көп материалдармен таныстырды. Сонау 1846 жылдардан бастау алатын елді-мекен тарихы шынында да өте қызық та тартымды екен. Тарихи-өлкетану музейінде жергілікті жәдігерлермен, өңір тарихы мен тұлғалары туралы біраз мағлұмат сақталған болатын. Осы шараны ұйымдастырушы, елге жанашыр азамат, музей директоры Копобаев Меңдібай Сайлаубайұлы Сандықтау елі туралы тамаша мәліметтер, аңыз-әңгімелерді тамылжыта жеткізді.

«Ауданымызға нәубет жылдары көптеген халық өкілдері жер аударылды, отанын тапты. Біраз жерлестеріміз қуғынға ұшырады, қамалды, айдауға кетті, ақталмағандары да бар. Жұмыс баршылық. Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің арқасында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі алды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі болды. Бірлікті ұстын етіп, оны берік сақтау біздің басты мақсат-ниетіміз.Тарихи жадыны сақтау – бұл болашақ ұрпақ алдындағы парыз», – деп атап өтті жергілікті мәслихат хатшысы Гүлнәр Қадырова. .

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманбай Сейітқасымов қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның жұмысы туралы баяндады. Аманбай Асылбайұлы Сандықтау жеріне қатысты деректер туралы ойларын ортаға салып, өткен ғасырдағы қайғылы оқиғалар адамгершілік, бірлік және келісім сабағы болуын ерекше атап өтті. Ал зерттеуші-ғалымдар, комиссия мүшелері тарих ғылымдараның кандидаттары Алмагүл Күшпаева, Ақбота Бексейітова, Марат Өтегенов, тарих магистрлері Ақан Шәріпов және Ғалымтай Төлепбергеновтер ауданға жер аударылған халықтар, әскери тұтқындар, дін өкілдері, босқындар тарихының бірнеше кезеңдеріне, белгісіз беттеріне, саяси астарына тоқталды.

«Ерекше назар солтүстік аймаққа жер аударылған халықтар, оның ішінде поляк, неміс, украин, шешен және ингуштар туралы деректерге аударылды. Сонымен қатар,  ғалымдар Қазақстандағы жер аударулар туралы жаңа деректерді алға тартып, ерекшеліктеріне тоқтады. Жергілікті тұрғын ата-аналарының осы жаққа қалай күштеп келгендігін, көрген ауыртпалықтары жайында әңгіме қозғады», – деп бөлісті конференция туралы Аманбай Сейітқасымов.

Шараға қатысқан ғалымдар, өлкетанушылар, қайраткерлер мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары ел тарихындағы зардабы ғасырға созылған қаралы кезеңнің қасіреті, әсіресе оның қазақтың рухани өмірі мен құндылықтар жүйесіне жасаған қиянаты туралы ойларымен бөлісіп, болашақта ұрпақ парызы, тарих тағылымы болу керектігін айтып, осынау қасіреттің келесі буынға сабақ екендігіне назар аударып, ғылыми байланыстарды жалғастыруды жоспарларлады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img