spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-27.8 C
Kokshetau

Президент сайлауы: Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілден емтихан тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Соңғы сәттерде құжат тапсырған ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев бүгін мемлекеттік тілден емтихан тапсырды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев әр тапсырма бойынша тақырыптарды өзі таңдады. Бірінші, жазба тапсырмада «Экология – бүгіннің басты мәселесі», екінші, ауызша оқу тапсырмасында Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ!» шығармасынан үзінді оқыды. Үшінші, жұрт алдында сөйлеу тапсырмасы «Бабалар аманаты» тақырыбына өз ойын білдірді. Нәтижесі бойынша ойын еркін жеткізе алады, мәтін мазмұнын түсінікті жеткізді, тақырып идеясы ашылды. Бірақ емле қателері болды. Осыған сәйкес, лингвистикалық комисссия Бақыт Жаңабаевтың мемлекеттік тілді меңгергенін дауысқа салғанда, комиссияның 1 мүшесі қалыс қалды, 5 мүшесі қолдады. Нәтижесінде ҚР Президенттігіне кандидат Бақыт Жаңабаев мемлекеттік тілді меңгерген делінген қорытынды жасалды», – деп емтихан қорытындысын жариялады лингвистикалық комиссияның төрағасы Әділ Ахметов.

Еске салайық, Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжат тапсырған болатын. Оның кандидатурасын «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Фото: пресс-служба КГ РК

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика