spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
23.2 C
Kokshetau

ОСК: Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркелді

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күн тәртібіне Қасым-Жомарт Тоқаевты кандидат ретінде тіркеу мәселесі қойылды.

«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамасына сәйкес, ҚР Президенттігіне кандидатты қолдау үшін уәкілетті өкілдер Қазақстанның бүкіл өңірлері бойынша 399 809 азаматтың қолын жинады. Бүгінде оның 141 045-і тексерілді, тексерілгендердің 140 167-сі түпнұсқа деп танылды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабының 5-тармағына сәйкес барлық құжаттар заңда белгіленген мерзімде қабылданғанын айтты.

Осылайша ҚР Президенттігіне кандидатты тіркеуге қажетті барлық рәсімдер сақталды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құжаттары президенттікке кандидат ретінде Орталық сайлау комиссиясына тапсырылған еді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зеренді ауданында 12,5 млрд теңгеге тау-кен байыту комбинаты салынып жатыр

Ақмола облысы елдегі жетекші өнеркәсіптік өңірлердің бірі ретінде өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Қазіргі таңда Зеренді ауданында «Qazaq Qaolin» ЖШС-нің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика