spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-2.7 C
Kokshetau

Жұматай Әлиевтің кандидатурасы заң талаптарына толық сай келеді – ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетінін растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Конституциялық Заңының 54 -бабы, 3-тармағына және 2-тармақшасы, 6-тармағына және 56-бабына сәйкес орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне кандидат Жұматай Әлиевтің ҚР Конституциясы және «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкес келетіндігін қаулы етеді», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, ҚР Пезидентігіне кандидат Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгеру сынағанын сәтті өтті.

«Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды», – делінген хабарламада.

Орталық сайлау комиссиясының ресми ақпаратына сәйкес, емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, көпшілік дауыспен кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергені туралы шешім қабылдады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img