spot_img
Бейсенбі, Мамыр 1, 2025
12.2 C
Kokshetau

Ақмолалық күдікті 15 жылқыны ұрлап, 11-ін сатып үлгерген

Сондай-ақ...оқыңыз

Полицейлер ақмолалық тұрғынның облыс аумағындағы аса ірі көлемдегі мал ұрлығына қатысы барын анықтады, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі ІІМ-не сілтеме жасап.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жақсы ауданы тұрғынының жылқы ұрлауға қатысы бары анықталды. Бұрын сотталмаған 46 жастағы жылқышы шілде айында Жарқайың ауданы Баранкөл ауылында 15 жылқыны ұрлап кеткенін мойындады. Полиция қызметкерлері қаскүнемнің сарайынан 4 жылқыны тапты. Қалғанын ер адам сатып үлгерген», – деп жазды ведомство.

Айта кету керек, ұрлық жасалғаны туралы өтінішпен аудандық полиция бөліміне ешкім жүгінген жоқ.

Қазіргі уақытта Жарқайың және Жақсы аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері фигуранттың өңір аумағында осындай ұрлыққа қатысын тексеруде. «Мал ұрлығы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: eldala.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

39 медаль: Душанбеде өткен сайыста жас шахматшылар топ жарды

Душанбеде өткен Батыс Азия чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 39 медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика