spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Үкіметте бизнеске әкімшілік жүктемені азайту жөніндегі жоспарды іске асыру барысы қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен бизнеске әкімшілік жүктемені азайту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Үкіметтің ресми сайтына сілтееме жасап.

Кеңесте Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызметті «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы талқыланды.

Мәселен, бүгінгі таңда бірінші кезең аясында қызметтің 17 саласында реттеуші актілерді талдау аяқталды. Енді бизнеске қойылатын негізсіз талаптарды жою үшін мемлекеттік органдар заңға тәуелді (2022 жылдың соңына дейін) және заңнамалық (2023 жылдың наурызына дейін) актілерге өзгерістер енгізетін болады.

Одан бөлек, бекітілген жоспар-кестені іске асырудың екінші кезеңі аясында биылғы желтоқсанға дейін кәсіпкерлік қызметтің тағы 11 саласында реттеуші актілерге талдау жүргізілетін болады.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және салалық тәуекелдер матрицасын қалыптастыруды қоса алғанда, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Фото: primeminister.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img