spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-4.8 C
Kokshetau

Жақсы ауданында жаңа диірмен ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданы Запорожье ауылында жаңа диірмен кешені ашылды. Диірменде айына 450 тоннаға дейін ұн өндіріледі деп жоспарлануда. Кәсіпорын өз өнімдерін еліміздің түрлі өңірлеріне жеткізуге, сондай-ақ Жақсы ауданының дүңгіршектерін жергілікті ұнмен қамтамасыз етуге ниетті.
Запорожье ауылындағы диірмен кешені өз өнімдерінің алғашқы партиясын шығарып, ауданның жергілікті наубайханалары мен дүкендеріне жеткізді. Әзірге кәсіпорын өз қуатының үштен бірінде жұмыс істейді, яғни тәулігіне 5 тонна ұн өндіреді. Ол толық қуатқа жеткенде, күніне 15 тонна ұн шығаруға қауқарлы. Жабдық Ресейден әкелінген. Бұл оның қызмет көрсетуді ұзақтығының кепілі бола алады. Жартылай автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін болғандықтан, бұнда тек 4 адам жұмылдырылған.

«Біз тікелей ұсақтау әдісін қолдананып, жоғары және бірінші сортты ұн мен кебек шығарамыз. Өнімдеріміздің сапасы жоғары, сондықтан да ол біздің ауданмен қоса одан тыс елді-мекендерде үлкен сұранысқа ие. Әсіресе Ресейден келген азаматтардың қызығушылығы жоғары. Шикізатпен де мәселе жоқ, биыл астық жеткілікті», – деді кәсіпорын директорының орынбасары Игорь Хунзария.

Қазір өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге баса назар аударылып отыр. Ақмола облысында дәнді дақылдарды өңдеумен 37 ұн тартатын кәсіпорын айналысады. Олар жылына 800 мың тоннаға жуық ұн өнімдерін шығарады. Биыл бұл кәсіпорындар өндіріс көлемін бір жарым есеге арттырған екен.

«Биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ұн өндірісі бір жарым есеге артты. Яғни, қазір біздің нарық бірінші кезекте Орта Азия елдері мен еліміздің оңтүстік өңірлерін ұнмен қамтамасыз етіп отыр десек те болады. Өзбекстанда, Тәжікстанда және Ауғанстанда біздің ұнға үлкен сұраныс бар. Өңір фермерлері үшін Астана қаласына өнім жеткізу аса тиімді. Жылда елорда мен оның айналасындағы елді-мекендерді азық-түлік белдеуі аясында қамтамасыз етеміз. Бірақ биыл ұн өнімінің 70-75% үлесі экспорттық айналымда кеткелі тұр», – деп түсіндірді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсов.

Өңірдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша әлеуеті жоғары, деп атап өтті жергілікті билік. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және шығару жөніндегі көптеген кәсіпорындар өсуге және дамуға бағдарлана отырып жұмыс істеуге ниетті.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img