spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-2.7 C
Kokshetau

Өңірде 130 жұмысшының құқығы бұзылған

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл басынан бері Ақмола облысында 130 қызметшінің құқығы бұзылған екен. Еңбек заңнамасын бұзған 35 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторларды тексерумен 164 кәсіпорын мен ұйым қамтылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Амангелді Смайылов мәлімдеді.
Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайыловтың айтуынша, жыл басынан бері еңбек қатынастары және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша 881 өтініш келіп түскен, оның 371-і жалақы төлемеу мәселесі бойынша. Жұмысшылардың жалақысын төлемеу қашан да өзекті мәселе.

«21 кәсіпорын 360-тан астам қызметкерге 40 миллион теңгеге жуық қарыз болды. Бірақ мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуынан кейін қарыз төленді. Десе де, мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараты бойынша 2 банкрот болған кәсіпорын 17 қызметкеріне шамамен 28 миллион теңге жалақысын әлі төлемеген. Облыстық сот қарастырып жатқан материалдарға сүйенсек, 8 кәсіпорынның 85 қызметкер алдында жалпы сомасы 18,3 млн. теңге көлемінде берешегі бар көрінеді. Бұл қарыздар «атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заң аясында өтеледі, – деді облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайылов.

Сондай-ақ, жыл басынан бері облыстың 85 ірі және орта кәсіпорындарында 51 мың қызметкердің жалақысы көтерілді. Еңбек шарттарын және ресми жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар қарқынды жалғасып жатыр. Тіркелмеген 48 300 қызметкердің 8 949-ы электрондық еңбек шарттарын тіркеуден өтті. Бұл жоспар орындалуының 18,5% -ын. құрайды.

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img