spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-2.7 C
Kokshetau

Облыста 7 адам жұмыс орындарында қаза тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында оқыс оқиғалардың саны 40% – ға өскен. Өндіріске қатысты барлығы 35 оқыс оқиға орын алды. Салдарынан 35 адам зардап шегіп, оның ішінде 7 адам өмірден өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Амангелді Смайылов мәлімдеді.

Қазіргі таңда 8 оқыс оқиға бойынша арнайы тергеу жүріп жатыр. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Амангелді Смайылов атап өткендей, кәсіпорын қызметкерлерін қорғау мен қауіпсіздік мәселесі, сондай-ақ, жұмыс орындарындағы жарақат алу мәселесі өзекті болып отыр.

«Барлық оқиғалар бойынша арнайы тергеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы актілер жасалды. Олардың нәтижелері бойынша жұмыс берушілер мен қызметкерлердің кінәсінің үлесі айқындалды. Тергеу нәтижелері бойынша барлық материалдар іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін ішкі істер органдарына жөнелтілді. Жазатайым оқиғалардың туындау себептері: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін бұзу, жұмыс өндірісін тиісті деңгейде ұйымдастырмау, жәбірленушінің өрескел абайсыздығы, жеке қорғану құралдарын қолданбау және т.б.», – деп атап өтті Амангелді Смайылов.

32 кәсіпорында еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттау өткізілді. Облыстың 222 кәсіпорны мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың халықаралық және ұлттық стандарттары енгізілген. Облыстың 914 кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құрылып, онда 1004 техникалық инспектор бар. Спикердің айтуынша, жұмыс орындарында жарақат алу қаупі жоғары кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмыс істеуге баса назар аударылады. Сондықтан жарақаттану мен оқыс оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтілді.

«Жұмыс берушілермен және кәсіпорын басшыларымен «Нөлдік жарақаттану-VisionZero» тұжырымдамасын енгізу және ілгерілету бойынша кездесулер өткізіліп жатыр. Облыс бойынша 2128 кәсіпорынмен «Нөлдік жарақаттану» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша меморандумдар жасалды. Облыстың 5 кәсіпорнында «Халықтық бақылау» жобасы енгізілді», – деп толықтырды Амангелді Смайылов.

Белсенді жұмыс істейтін 6 980 кәсіпорынның тек 1017 кәсіпорны ғана қызметкерлерді оқыс оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы шарттар жасасқан. Еңбек инспекциясы басқармасы облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарына қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы 396 хабарлама жіберген көрінеді.

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img