Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламаларына түсуге өтінімдер eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы қабылданады, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі министрліктің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеу онлайн режимінде өтеді және 3 кезеңнен тұрады:
– кешенді тестілеу
– тәуелсіз сарапшы комиссия мүшелерімен жеке әңгімелесу
– кадрларды шетелде даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысында құжаттарды қарау.
Үміткерлер конкурстық іріктеуге қатысу үшін 2 негізгі құжатты ғана ұсынуы керек – «Болашақ» бойынша оқуға ұсынылатын жоғары оқу орындар тізіміндегі шетелдік университеттен шақыру, сондай-ақ нәтижесі кемінде B1 деңгейіндегі мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификат.