Назарбаев Зияткерлік мектептерінде тоғызқұмалақтан V желілік спартакида бастау алды.
Биыл спартакиада Халықаралық бакалавриат мектебінің базасында өтіп жатыр. Дәстүрлі дода 10-13-қазан аралығында «PlayOk» платформасында қашықтан өтеді.
Осы жылы Астана Халықаралық мектебінің намысын Аллаберген Татубаев, Аиша Танкеева, Мирас Дайыров, Назерке Ақан, Нұрәли Рапилбеков және Нұрсара Төлегенова қорғайды.
—Мен тоғызқұмалақты 8 жасымнан бастап ойнаймын. Бәрі мені тоғызқұмалақтан сайысқа шақырудан басталды. Сол кезде мені әкем дайындай бастады. Ол менің алғашқы жаттықтырушым. Мен өзіме сенімдімін және 1 немесе 2-орын аламын деп ойлаймын, —дейді 5-сынып оқушысы Нұрсара Төлегенова.
Спартакиадаға барлығы 94 зияткер қатысады. Айта кетейік, спартакиада аясында #тоғызқұмалақтатапқырлықбар челленджі де бастау алды.