spot_img
Жексенбі, Қазан 12, 2025
-3.8 C
Kokshetau

400 млн. теңгеге жуық сомаға мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Аудан прокуратурасы 400 млн. теңгеге жуық сомаға мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғады, деп хабарлайды «Aqmolanews» ақпараттық агенттігі.

Целиноград ауданының прокуратурасы ауданның «Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімін» тексеру барысында, Қоянды ауылының кентішілік жолдарын салуға жалпы сомасы 2.2 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы конкурстың күшін жойды.

«Тексеру барысында жоба бойынша жұмыстар 2020 жылы басталғаны анықталды, алайда өнім берушінің міндеттемелерді орындамауына байланысты шарт бұзылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы мемлекеттік орган қайта конкурс жариялау кезінде аталған жобаның құнына іс жүзінде орындалған және бұрын төленген жұмыс түрлерін негізсіз енгізген», – деп мәлімдеді Целиноград ауданының прокуратурасында.

Осы факт бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, мемлекеттік сатып алу туралы конкурс жойылды, осылайша 400 млн.теңгеге мемлекеттің материалдық мүдделері қорғалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты

Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика