spot_img
Жұма, Шілде 11, 2025
28.2 C
Kokshetau

ҰҚК арнайы операциясы: есірткі капиталын заңдастыратын криптоалаң анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ұлттық қауіпсіздік комитеті криптоалаңды анықтау және бейтараптандыру бойынша алғашқы арнайы операция жүргізді, – деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткімен айналысатын топтардың қылмыстық жолмен келген қаржыларын «тазарту» мақсатында қолданатын криптоалаңды анықтау және бейтараптандыру бойынша алғашқы арнайы операциясын жүргізген.

«Операция 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан, Өзбекстан мен Ресейдің «есірткі нарығын» психотроптық заттармен қамтамасыз етіп отырған жасырын есірткі лабораториясын жоюдан басталды. Заңсыз айналымнан есірткінің рекорд партиясы – 188 келі «мефедрон» алынды.

Арнайы қызмет қылмыстық капиталды Қазақстаннан тыс шығару мен оны «тазарту» схемаларын анықтау бойынша шараларды қолға алды. Ақша аударымдары қаржылық айналымда қажетті деңгейде айқындалмаған криптовалютада жүргізілгені қиындықтар тудырғанын атап өту қажет», – делінген хабарламада.

ҰҚК қылмыстық тізбектің барлық қатысушысын анықтау арқылы, «биткойндарды» қолма-қол ақша қылатын криптоақша айырбастау орнын тапқан.

«Бұл ұйым Алматыдағы әртүрлі ақша айырбастау орындарының қызметкерлері арқылы ақшаны қолма қол беріп отырғаны белгілі болды. Нәтижесінде қылмыстық схеманы ұйымдастырушы мен оның жақтастары ұсталды. Мемлекет кірісіне қылмыстық топтардың іс-әрекетінен тапқан криптовалютадағы 68 миллион теңге қаржысы өткізілді», – делінген ҰҚК хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика