spot_img
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
23.2 C
Kokshetau

Үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат құжат тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде тағы бір кандидат Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Кандидатты «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Ол – 46 жастағы Бақыт Маратұлы Жаңабаев.

«Осы заманда елімізге жаңа үрдіс келіп жатқан кезде тек үнсіз көрермен болмай, соған қатысуға бел будым. Атақ үшін түсіп жатқаным жоқ. Барлығымыз жұмылсақ, көтермейтін жүк жоқ деп ойлаймын», – деді Бақыт Жаңабаев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Өзінің айтуынша, 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді.

Қазіргі уақытта ҚР Қажы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әділет салтанат құрсын десең, әр сөзіңе нотариус куә болсын

Жыл сайын 14 шілде күні Қазақстан Республикасында Нотариат күні атап өтіледі. Бұл күн – құқықтық жүйенің маңызды құрамдас бөлігі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика