spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Үкіметте Қазақстан экономикасының 9 айдағы даму қорытындылары қаралды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров есепті кезеңде республика экономикасының өсу қарқыны 2,8%-ды құрағанын баяндады. Салалар арасында ауыл шаруашылығы (6,9%-ға), ақпарат және байланыс (6,7%), құрылыс (5,1%), көлік және қоймалау (4,8%), өңдеу өнеркәсібі (4,6%), сауда (4,3%) және тау-кен өнеркәсібі (0,1%) оң динамиканы көрсетіп отыр.

Сыртқы сауда айналымы 36,3%-ға ұлғайып, $86,3 млрд-ты құрады. Атап айтқанда, экспорт бойынша көрсеткіш 50,6%-ға ($56 млрд), өңделген тауарлардың экспорты 36,5%-ға ($16,6 млрд) өсті, тауарлар импорты $30 млрд-ты құрады. Жалпы, оң сауда балансы $26,4 млрд-қа жетті.

Өңдеу өнеркәсібі де оң өсу қарқынын сақтап отыр. Қаңтар-қыркүйек айларында өндіріс көлемі 4,6%-ға өсті. Сонымен қатар есепті кезеңде 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9%-ға артық.

Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, мемлекеттік бюджеттің кірісі 11 трлн 177 млрд теңгені құрады (жоспар 104,8%-ға орындалды). Атап айтқанда, республикалық бюджетке шамамен 7,5 трлн теңге (101,9%), жергілікті бюджеттерге 3,7 трлн теңге (111,2%) түсті. Мемлекеттік бюджет шығыстары 96,2%-ға, республикалық бюджет шығыстары 96,3%-ға, жергілікті бюджеттер шығыстары 97,9%-ға орындалды.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мәліметінше, осы жылдың 9 айында АӨК-тің жалпы өнімінің көлемі 6,9%-ға өсіп, 6,8 трлн теңгені құрады. Бұл өсім өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемін 11%-ға және мал шаруашылығындағы өндіріс көлемін 1,1%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді.

Аталған кезеңде азық-түлік өнімдерін шығару 3,7%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгені құрады. Жалпы қант (49,8%-ға), жарма (40%), өсімдік майы (39,9%), балық (20,3%), ұн (10,2%), өңделген күріш (8%), макарон (5,8%), тауық жұмыртқасы (5,3%), шұжық өнімдері (4,9%), сиыр сүті (1,8%) және тірі салмақтағы ет (0,7%) өндірісі артқан.

Дәнді дақылдарды жинау – соңғы сатыда. 10 қазандағы жағдай бойынша 15,9 млн га жиналды, орташа өнімділігі 13,5 ц/га болғанда бункерлік салмақта 21,6 млн тонна астық бастырылды.

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев және энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады.

Премьер-Министр жыл соңына дейін іскерлік белсенділікті ынталандыру және экономиканың барлық салаларында өсу қарқынын арттыру жөніндегі жұмысты күшейту қажет екенін атап өтті.

«Ірі кәсіпорындарға өндірістік жоспарларын іске асыруы үшін қолдау көрсетуді күшейту керек. Мәселені жан-жақты талдап, олардың айналым қаражаты, инфрақұрылым, логистика және өнімді сату бойынша проблемалық сұрақтарын шешуді қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Оған қоса, Үкімет басшысының айтуынша, шикізаттық емес секторларда: соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, көлік, логистика IT, туризм және басқа салаларда инвестициялық жобалардың санын арттыру керек.

Премьер-Министр шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыру бойынша нақты шараларды пысықтауды, сондай-ақ бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар бойынша қаражатты толық әрі тиімді игеруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Фото: primeminister.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img