spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.5 C
Kokshetau

Қазақстандықтар жарты жылда неше келі ет тұтынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандықтардың жарты жылдағы ет тұтыну көрсеткіші жан басына шаққанда 19,5 келі болған. Бұл туралы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Елімізде етке деген сұраныс та, өндіріс те артып келеді. Бірінші жартыжылдықта үй шаруашылығындағы ет тұтыну көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 2,6% артып, жан басына 19,5 келіден келді. Оның өзінде ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 20,9 келі, ауылдағы халықтың жан басына шаққанда 18,5 келі ет тұтынылған. Қаңтар-маусым аралығында жан басына шаққанда 12 келі сиыр еті, 3,2 келі жылқы еті және 2,6 келі қой еті келген. Шошқа етін тұтыну көлемі жан басына шаққанда 1,7 келіден болған», – деп жазылған сараптамада.

Ресурстың мәліметі бойынша, ет бағасы бір айда 0,6%-дан 1,8% дейін, бір жылда 7%-дан 15% дейін қымбаттаған.

Айлық межемен алғанда сиырдың сүйекті еті 1,8%, шошқа еті 1,5%, жылқы еті 1,3% қымбаттаған. Тек қой еті ғана салыстырмалы түрде баяу қымбаттап жатыр – 0,6%.

Жылдық межемен алғанда бәрінен де жылқы еті көп қымбаттаған – 15%.

Қой мен шошқа еті 12,7%, сиыр еті 7% қымбаттады.

«Қыркүйек айында Қазақстан қалаларында сиырдың сүйекті етінің бір келісі орта есеппен 2387 теңге, қой еті 2660 теңге, шошқа еті 2033 теңге,жылқы еті 2932 теңге болды», – деп жазады Energyprom.kz.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img