spot_img
Дүйсенбі, Қазан 13, 2025
-4.1 C
Kokshetau

Сайлау: үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда тексеріліп жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан президенттігіне кандидат үш адамның құжаты тексеріліп жатыр. Бұл туралы елордада өткен брифингте Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов айтты, деп «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қазіргі кезде 7 адамның құжаты қабылданды. Оның төртеуі ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде талаптарға сай болып шықты. Ал үш адамның құжаттары тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.

«Талаптарға сай келетін кандидаттардың арасында Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев бар. Ал үш үміткердің құжаттары мемлекеттік органдарда. Бұл тұрғыда Нұржан Әлтаевтің, Қарақат Әбденнің, Талғат Ерғалиевтің құжаттары қаралып жатыр», – деді Шавхат Өтемісов Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай болды.

7 қазан күні президенттікке ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары тексеріліп жатқаны айтылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында 100 мың шаршы метрден астам аумақты тазартты

Ақмола облысында Қазақстан Президенті бастамашылық еткен биылғы ең ауқымды экологиялық шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Бұл күні...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика