spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-4.2 C
Kokshetau

Нұрлан Әуесбаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде талаптарға сай – ОСК

Сондай-ақ...оқыңыз

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сәйкестігін белгілеу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ортсайлауком мүшесі Сәбила Мұстафина баяндама жасады.

Құзыретті мемлекеттік органдардан келген мәліметтерге сай Н.Әуесбаевқа қатысты ҚР президентін кезектен тыс сайлауда кандидат ретінде тіркелуге кедергілер жоқ екені анықталды.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, ол тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы, елімізде соңғы 65 жыл бойы тұрады.

Оның жоғары білімі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 10 жыл 8 айды құрап отыр.

Осы орайда Орталық сайлау комиссиясы сайлауда үміткер ретінде ұсынылған Н. Әуесбаевтың талаптарға сәйкес келетінін бекітті.

Айта кетейік, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізген еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент сайлауына үміткер Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік тілді білуі бойынша емтихан тапсырды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика