spot_img
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
3.6 C
Kokshetau

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Сондай-ақ...оқыңыз

Салтанат Тұрсынбекова Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

11 қазанда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 54 және 55-баптарына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова комиссияға құжаттарын тапсырды.

Үміткерді «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынып отыр.

Тапсырылған құжаттар:

  1. «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Президенттігіне кандидат ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;
  2. Салтанат Тұрсынбекованың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;
  3. Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;
  4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  5. Жоғары білімі туралы дипломының көшірмесі.

Еске сала кетейік, 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына тағы бір әйел кандидат ұсынылған еді.

Бүгін Астанада «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің жиыны өтті.

Онда президент сайлауына үміткер ретінде аталған бірлестік атынан Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекова ұсынылды.

Кандидатураны бірлестіктің елордадағы 20 өкілі мен жиынға бейнебайланыс арқылы қатысқан 18 өңірдегі мүшелері қолдады.

Фото:inform.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сердар Бердімұхамедов мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге қатысты Түрікменстанның ұстанымымен бөлісті

– Екіжақты күн тәртібін талқылау барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша мән берілді. Өзара сауда-саттық аясын кеңейту және әртараптандыру, сондай-ақ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика