spot_img
Бейсенбі, Тамыз 28, 2025
22.3 C
Kokshetau

ОСК: Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білуі деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

«Орталық сайлау комиссиясында ҚР президенттігіне кандидат Қарақат Әбденнен мемлекеттік тілден имтихан алу үдерісі болды. Емтихан тапсыру барысында үміткер жазба тапсырмасында «Тіл – халықты алтын бесігі» тақырыбын таңдады. Екінші ауызша оқу тапсырмасында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романынан үзінді оқыды», – деді Лингвистикалық комиссияның мүшесі Дихан Қамзабекұлы.

Сонымен қатар үміткер көпшілік алдында сөйлеу тапсырмасында «Азат елдің еңсесі биік» тақырыбын таңдады.

«Комиссия мүшелерінің ортақ қорытындысына тоқталсақ, Қарақат Әбден мемлекеттік тілді жетік біледі және қойылған сұрақтардың бәріне өз деңгейінде жауап берді», – деді Д.Қамзабекұлы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР президентін кезектен тыс сайлауда үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясының қарауына кандидат ретінде құжаттарын тапсырған.

Фото: inform.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» ауқымды республикалық экологиялық акциясы өтуде. Бұл бастаманың мақсаты – еліміздегі экологиялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика