spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 12, 2025
21.2 C
Kokshetau

Алматыда «Әділ сайлау үшін» қозғалысы жұмысын бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Қазақстан заңгерлер одағы» Алматы филиалының төрағасы, «Әділ сайлау үшін» қалалық штабының басшысы Бауыржан Мақұлбаев Алматыда «Әділ сайлау үшін» қозғалысы құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат халықаралық ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Спикердің айтуынша, қозғалыстың басты міндеті – сайлау науқанының барысын құқықтық мониторингілеу және дауыс беруші азаматтарға сайлау заңнамасын қолдану тәртібін түсіндіру болып табылады.

«Қозғалыстың штабында еліміз бен шетелге танымал белгілі заңгерлер бар. Жалпы, «Әділ сайлау үшін» қозғалысы сайлау науқанының барысын бақылау аясында БАҚ-пен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған», – деді спикер.

Ол сондай-ақ сайлау науқаны 21 қазан, сағат 18:00-де басталып, 19 қараша, сағат 00:00-ге дейін 28 күнге созылатынын, 19 қараша – үнсіздік күні екенін еске салды.

«ҚР-дағы сайлау туралы» Заңға сәйкес сайлау күні және оның алдындағы күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау күні алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша түнгі сағат 00.00-де аяқталады. Сайлау қорытындылары сайлау өткеннен кейін жеті күн мерзімнен кешіктірілмей шығарылады» – деді Бауыржан Мақұлбаев.

Еске салайық, ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 20 қарашада өтеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика