spot_img
Сейсенбі, Тамыз 26, 2025
16.8 C
Kokshetau

Ауыл» партиясынан президенттікке үміткер Жигули Дайрабаев лингвистика емтиханынан өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиляқ патриоттық партиясының атынан ұсынылған үміткер Жигули Дайрабаев мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырды, деп хабарлайды «AqmolaNews» ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат ХАА сілтеме жасап.

«Жигули Дайрабаевтың шығарма тақырыбы «Менің елім, менің жерім» деп аталды.
Екінші – мәнерлеп оқудан Абай өлеңдерін оқыды.
Үшінші – еркін тақырыпта немесе «шаршы сөзде» «Күшіміз – бірлікте» деген тақырыпты алды.

Шығармасын жаза алды, ойын жеткізді. Абай өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Күшіміз бірлікте» тақырыбында ойын еркін жеткізе алды. Комиссия «Жигули Дайрабаев мырза мемлекеттік тілді еркін меңгерген» деген қорытынды жасады», – деді лингвистика комиссиясының мүшесі Дихан Қамзабек.

Еске салайық, бүгін ОСК халық коалициясы ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР президенттігіне кандидатурасын барлық талаптарға сай деп шешті. Қ.Тоқаев лингвистика емтиханын неліктен тапсырмайтыны түсіндірілді.

Сондай-ақ «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкеннің кандидатурасы талаптарға сай деген қорытынды жасалды. М.Қажыкен лингвистика емтиханынан сәтті өтті.

Бұдан бөлек, «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Біздің бостандығымыздың кепілі

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Конституция елдің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының ерік-жігерін, оның ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика