spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Жигули Дайрабаев Орталық сайлау комиссиясында қазақ тілінен емтихан тапсырып жатыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Президент сайлауына «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаев мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін Орталық сайлау комиссиясында емтихан тапсырып жатыр, деп хабарлайды «AqmolaNews» ҚазАқпарат ХАА сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясында кезектен тыс президент сайлауына үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау бойынша лингвистика комиссиясының кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл жолы комиссия мүшелері «Ауыл» партиясынан ұсынылған Жигули Дайрабаевтың қазақ тілін меңгеру деңгейін сарапқа салады.

Лингвистикалық емтихан барлық үш кезең бойынша өтеді: тақырыпқа сай жазбаша тапсырма орындау, мәтін оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында кемінде он бес минут сөз сөйлеу.
Еске салайық, бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» кәсіподақтар достастығынан ұсынылған Мейрам Қажыкеннің , халықтық коалициядан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатураларын талаптарға сай деп шешім қабылдаған болатын. Сондай-ақ Қ.Тоқаев лингвистика комиссиясында неліктен емтихан тапсырмайтынын түсіндірді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img