spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Неге барлық партия бір адамды ұсынып жатыр? Депутат жауабы

Сондай-ақ...оқыңыз

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров неге барлық партиядан бір кандидат ұсынылып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай жағдайда коалиция құрылады.

Менің ойымша, халықтық коалиция құрылады. Коалицияның құрамына қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялардың енеді. Сондықтан AMANAT партиясы кандидат ретінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұсынып отыр. Съездің шешімі бірауыздан қабылданды. Алайда, бүгін басқа да қоғамдық ұйымдар Президентті өз аттарынан ұсынуы ықтимал. Сол себепті Тоқаевты қолдау жөніндегі коалиция құрылады. Сонда ғана Мемлекет басшысы бір партияның атынан емес, бірнеше партияның және қоғамдық бірлестіктердің кандидаты болмақ, – деді ол.

Депутат AMANAT партиясының коалиция мүшесіне енетінін айтты.

Халықтық коалиция өз кандидатурасын ұсынады. Ол құрамға саяси партиялар және Қазақстандағы ірі қоғамдық ұйымдар кіреді. Өйткені біздің елімізде жүйелі терең саяси экономикалық реформалар болып жатыр. Бұл реформалардың басында Президентіміз тұрғаны бәрімізге белгілі. Мемлекет басшысы өзгерістерін аяқтап, еліміздегі саяси реформацияны және экономикамыздағы көптеген түйткілді мәселенің шешімін табуы керек. Сондықтан көптеген партия ортақ кандидатты ұсынып отыр. Оның тағы бір себебі, партиялардың тұғырнамасына кандидаттың ұсынған бағдарламасы сәйкес келетіні, – деді  AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде журналистерге берген жауабында.

https://baq.kz/nege-barlyq-partiya-bir-adamdy-usynyp-zhatyr-deputat-zhauaby-288877/

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img