2022 жылғы 5-6 қазанда Астана қаласында «ASTAUFesT» ІІІ Халықаралық гастрономиялық фестивалі өтті. Іс-шара халықаралық аспаздар күнін мерекелеу аясында өткізіледі және тамақтандыруды ұйымдастыру кәсіптерінің мәртебесін арттыруға, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамытуға бағытталды.
Фестивальге Ақмола облысы колледждерінің өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
Біздің шеберлер конкурстық номинацияларға белсенді қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді:
1 орын «Жыл наубайшысы» – Нұраддинова Арухан Бағдәулетқызы, Жаңаесіл ауылы, агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері
2 орын «Жыл наубайшысы» – Искакова Айшолпан Едрисовна, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері
2 орын «Жыл бас аспазы» – Сұлтанғалиқызы Арайлым, Жаңаесіл ауылы, агротехникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері
3 орын «Жыл бас кондитері» – Искакова Әсем Ғабдуалиқызы, Көкшетау қаласы, құрылыс – технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері
1 орын «Slow food» командалық жарыс – Сбитнева Лариса Евгеньевна және Бекпаева Шынар Әшімқызы, Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері
Сонымен қатар, фестиваль аясында колледж педагогтері «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сервис мамандарын даярлаудың заманауи білім беру жобалары» ғылыми-практикалық конференциясына қатысуда.
Фестиваль қатысушылары тәжірибе алмасу және бөлісу, өз шеберліктері мен дағдыларын көрсету, жоғары кәсіби мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, фестиваль ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, «Talap» КЕАҚ, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының, «Атамекен» ҰКП, «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС, KNAMA PARK, NILTON қонақ үйі, The Ritz-Carlton қонақ үйі, Rixos President қонақ үйі, «Хабар» БАҚ және т. б. қолдауымен өтті.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!