spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-6.3 C
Kokshetau

Қорытындыдан жаңа міндеттерге

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана Халықаралық мектебінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығының жыл сайынғы конференциясы өз жұмысын бастады. Конференция «25 жыл IB PYP: қорытындыдан жаңа міндеттерге» тақырыбына арналды. Қазіргі таңда қауымдастық Ресей, Қазақстан, Армения және Өзбекстанның 35 мектебінің басын біріктіріп отыр.

Конференцияны «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасының орынбасары Назипа Аюбаева ашты. Ол қонақтарды Қазақстан жерінде, Астана қаласында көргеніне қуанышты екенін жеткізді. Сондай-ақ Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығының құрылу тарихына тоқталып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

– Халықаралық Бакалавриат бағдарламаларын іске асыра отыра, біз әлемнің болашақ азаматтарын тәрбиелейміз, оларға сапалы білім береміз. Біз балаларға табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйретеміз, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және өмір бойы білім алу қабілетін қалыптастырамыз, – деп атап өтті Халықаралық Бакалавриат мектептері қауымдастығының президенті, «Мирас» халықаралық мектебінің директоры Елена Хамитова.

Астана қаласы халықаралық мектебі директорының орынбасары Құралай Ахмадиева «Астана қаласының халықаралық мектебінде IB PYP бағдарламасының қалыптасуы мен дамуы» атты баяндама жасады.Сонымен қатар Халықаралық мектептің жұмысы және ерекшеліктерімен таныстырды.

– Қауымдастықтың екі жылда бір рет осындай конференциялар өткізіп, кәсіби тәжірибелермен алмасуға құқығы бар екені туралы IB-мен келісімге қол қойылған. Біз мектептердің алға жылжуына, дамуына көмектесеміз. Өзімізді дамыта отырып, біз өз мектептерімізді дамытамыз, – дейді қауымдастықтың атқарушы директоры Наталья Баринова.

Конференция аясында Қауымдастық мектептерінің мұғалімдері секциялық отырыстарда тәжірибе алмасады, ашық сабақтар өткізіп, көрме жұмыстарына қатысады.

 

 Ұлан Зейнелқабден

Астана қаласындағы Халықаралық мектептің PR-менеджері

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img