spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
14.7 C
Kokshetau

Қазақстан ардагерлер қауымдастығы президенттікке кандидатты ұсынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан ардагерлер қауымдастығының отырысы барысында белгілі болды, деп мәлімдейді BAQ.KZ тілшісі.

Күн тәртібінде Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының жетекшілері қауымдастық атынан ел Президенттігіне кандидат ұсыну мәселесін талқыға салды.

Әлемдік аренада зор беделге ие ұлдар осы елді жаһан жұртшылығына сыйлы етті. Қазақстанның халықаралық күн тәртібінің үлкен мәселелерінде ұлттық мүддемізге сай ұстанымды үлгі етемін. Бүгінде біз тағы сынақ алдында тұрмыз. Мұнда қазақ мемлекетінің күш-қуаты, халықтың бірлігі сыналады. Осы шақта дауылдың аласапыранынан, хас жаулардың апатынан, алдағы 7 жыл бойы азат Қазақстанды аман болып өтетін көшбасшы қажет. Ардагерлеріміздің байқауынша, мұндай тұлға елімізде бар. Ардагерлер қауымдастығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешім қабылдадық, – деп атап өтті Ардагерлер қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл.

Айтуынша, қауымдастық өкілдері Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанды құру туралы идеясын жүзеге асыратындығына риясыз сенеді.

Алдағы сайлауда Қазақстан халқы ынтымақ пен бірлікті ту етіп, бір үйдің баласындай жұмыла қатысады деген үміттеміз, – деді қауымдастық басшысы.

https://baq.kz/qazaqstan-ardagerler-qauymdastygy-prezidenttikke-kandidatty-usyndy-288819/

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика