spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың 33 ұйымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың өкілдерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша онлайн-семинар өткізді.
Кездесу барысында Департаменттің аға офицері Даниар Каконов заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы новеллаларды түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді заманауи шараларын қабылдау мемлекеттік органдар үшін ғана емес, квазимемлекеттік сектор үшін де өзекті болып табылатынын атап өтті.
Семинарға қатысушылар квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілігінің бұлтартпастығын қамтамасыз ету шеңберіндегі заңнамалық түзетулер және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың алдағы 5 жылға арналған тұжырымдамасының маңызды ережелері туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, өңірдің медициналық ұйымының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтылды. Осылайша, комплаенс-қызметтер ұйымның сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқаруды, ұжымның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауын бақылауды, мүдделер қақтығысын реттеуді, корпоративтік этикалық құндылықтарды ілгерілетуді қамтамасыз етуі тиіс.
Спикер атап өткендей, қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігі мақсатында сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтіп қана қоймай, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен бизнесті адал және парасатты мінез-құлыққа ынталандыру да маңызды. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс пәрменді құрал болуға тиіс, бұл ретте мамандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқытуды ұдайы жүргізу қажет.
Айта кетейік, қазіргі уақытта облыстың квазимемлекеттік секторының 330-ға жуық ұйымында комплаенс бойынша мамандар жұмыс істейді, оның 33-і – денсаулық сақтау саласының ұйымдары. Комплаенс-қызметтердің негізгі міндеттері – құқық бұзушылықтардың алдын алу, корпоративтік парасаттылық стандарттарын сақтау және ұйымның іскерлік имиджін қорғау.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img